Ақын Ырысбек Дәбейдің қос кітабының тұсауы кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Ырысбек Дәбейдің қос кітабының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

22.05.2015
Ақын Ырысбек Дәбейдің қос кітабының тұсауы кесілді (ВИДЕО)

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «ТӘЖ» әдеби клубының ұйымдастыруымен ақын, публицист Ырысбек Дәбейдің қос кітабының тұсауы кесілді.

Автордың «Әкелеріміз айтатын әңгіме» атты эсселер жинағы ауыл әңгімелерінен құралса, «Шық тұнған жолдар» поэтикалық кітабы сыршыл өлеңдерімен ерекшеленеді.

«Әкелеріміз айтатын әңгіме» - қазақтың  дүниетанымынан, халқымыздың қарапайым болмысынан сыр шертеді. Туынды ауыл қарияларының айтқандары, әкелерімізден естіген әңгімелер мен этнографиялық бағыттағы дүниелерді қамтыды», дейді автор.  

Қаламгердің «Құлағыңызға сыбырлайыншы», «Тау басындағы қардың дәмі», «Сірә, біз кімбіз?!» әңгімелері ізгілік пен қазақы өмірді суреттейді.

Қос кітап туралы әдебиетші, абайтанушы Омар Жәлел мен журналист Бекен Қайратұлының пікірлерін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу