Қазақстан аумағында жүру уақыты аяқталған Өзбекстан азаматы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан аумағында жүру уақыты аяқталған Өзбекстан азаматы ұсталды

19.05.2015
Қазақстан аумағында жүру уақыты аяқталған Өзбекстан азаматы ұсталды

18 мамыр күні транспорттағы Көші-қон полициясы басқармасы Ішкі істер департаменті қызметкерлері Бейнеу станциясындағы полиция бөлімшесімен бірігіп «Нелегал» атты оперативті-профилактикалық шара кезінде «Маңғышлақ-Ақтөбе» бағытындағы пойызға жалғанған «Маңғышлақ-Қоңырат» вагонында 33 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.

Құжаттарын тексеру барысында оның Қазақстан Республикасы аумағында жүру уақыты аяқталғаны анықталды.

Ол ҚР  шекарасынан өтіп кету үшін жолсерікке 60 мың теңге төлеген. Аталған факті бойынша тексеру шаралары жүргізілуде.

Хабарламаларға жазылу