Головкин-Монро. Никарагуалық боксшы Роман Гонсалес WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Монро. Никарагуалық боксшы Роман Гонсалес WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды (ВИДЕО)

17.05.2015
Головкин-Монро. Никарагуалық боксшы Роман Гонсалес WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды (ВИДЕО)

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен АҚШ боксшысы кіші Вилли-Монро (19-1-0, 6 КО) кездеседі.

Ал, Головкин-Монро жекпе-жегі алдында шаршы алаңға аса жеңіл салмақ дәрежесінде (50,802 келіге дейін) WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынған.

Бұл белбеу үшін 42 жекпе-жекте әлі жеңіліп көрмеген 27жастағы никарагулалық Роман Гонсалес (42-0-0, 36 КО) пен мексикалық Едгар Соуза (51-8-0, 30 КО) күш сынаған. Роман Гонсалес екінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, Головкин мен Монро жекпе-жегі болатын бокс кеші таңғы сағат 07:00-де басталған. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына ғана берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 17 мамырда «KAZsport» телеарнасынан сағат 14:00-де тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу