Қазақстанда наурыз айында бір төлем картасынан қолма-қол шешілген ең үлкен сома 141 мың теңгені құрады

16.05.2015
Қазақстанда наурыз айында бір төлем картасынан қолма-қол шешілген ең үлкен сома 141 мың теңгені құрады

Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда қолма-қол ақша шешу көлемі 574 миллиард теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш карта арқылы төлем жасаудан (62 миллиард) 9,3 пайызға артық, деп хабарлайды ranking.kz.

2014 жылдың наурыз айымен салыстырғанда төлем карталарынан қолма-қол ақша шешу 14,2 пайызға (71,47 миллиард теңге) ұлғайған. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау 5 пайызға кеміді.

Сондай-ақ, бір жыл ішінде транзакциялар саны 15,9 миллионға жеткен.   

Ал, бір төлем картасынан қолма-қол шешілген ең үлкен сома - 141 мың теңгені құрады. Көрсеткіш Маңғыстау облысында тіркелген.

Екінші орында - Астана қаласы - 128 мың, үшінші орында - Атырау облысы - 103 мың теңге.  

Хабарламаларға жазылу