«Ағылшын пациенті» драмасын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ағылшын пациенті» драмасын көріңіз

16.05.2015
«Ағылшын пациенті» драмасын көріңіз

II Дүниежүзілік соғыс аяқталып қалған кез. Жас канадалық медбике ешкім тұрмайтын зәулім үйде өзінің «ағылшын пациентін» күтіп бағуда. Оның денесін Сахара шөлінде болған ұшақ апаты салдарынан күйік шалған.

Тұла бойы тыртық болып қалған одан адам бейнесін байқау  қиын. Пилот есімін де ұмытып қалған. Апат орнынан тауып алғандар оны «ағылшын пациенті» деп атап кеткен.

Ажал аузында жатқан пациент тұрмыстағы әйелге ынтызар болғанын есіне  түсіреді.  Бұған соғыс пен кері сананың кесірі тиіп, соңында  орны толмас қасіретке душар етеді.

Рэйф Файнс, Кристин Скотт Томас, Жюльет Бинош сынды танымал актерлер ойнаған  «Ағылшын пациенті» драмасын бүгін 00:35-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу