Досым Мақсұтов: Қаршыға Ахмедияров Махамбетті күйші ретінде танытып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досым Мақсұтов: Қаршыға Ахмедияров Махамбетті күйші ретінде танытып кетті

15.05.2015
Досым Мақсұтов: Қаршыға Ахмедияров Махамбетті күйші ретінде танытып кетті

13 мамырда Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» ғимаратында күйші, домбырашы,   ҚР Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қаршыға Ахмедияровты еске алуға арналған шәкірті Досым Мақсұтовтың «Ұстазға» атты концерті өтті.   

Осыған орай күйші, домбырашы, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты,  Х Xалықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері Досым Мақсұтов  бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Кештің мақсаты – ұстазды ұлықтау, ұстазға құрмет, ұстазды еске алу. Концертке Қаршыға Ахмедияровтың жары Нұрбике апамыз келді. Сондай-ақ, көптеген шәкірттері өнер көрсетті. Кеште Қаршыға ағамыздың барлық шығармалары орындалды. Мұнда ансамбль де, оркестр де, жеке орындау да болды»,-дейді шәкірті.

«Қаршыға ағамыздың ұстаздығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Ол кісінің қазақ күй өнеріне қосқан үлесі зор. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина әжеміздің күйлерін жүйеге келтіріп, ұрпаққа аманат етіп кеткенін былай қойғанда, ол кісі Махамбеттің күйшілік қырын көрсетті.  Батырлығы, ақындығы өз алдына, Махамбеттің де шоқтығы биік күйлері барын танытып кетті»,-дейді Досым Мақсұтов.

Күйшінің орындауындағы «Күй-Ана» күйін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу