Бала саудасы тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала саудасы тыйылмай тұр

12.05.2015
Бала саудасы тыйылмай тұр

Қазаққа мүлдем жат қылық – бала сату соңғы кездері үдеп тұр. «Заман сондай», дегенді алға тартып, оған тосырқап қарап жатқан ешкім жоқ.  Қырық апта құрсағында көтерген шақалағын далаға да, қалаға да, тіпті қоқыс жәшігіне тастап кету оқиғалары да көбейді.

Ал, ең сорақысы, бірі бауыр еті баласын автокөлікке, енді бірі 2 бөлмелі пәтерге, тіпті кейбірі 40-50 мың теңгеге дейін сатып жібереді. Соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандарды сату бойынша 82 қылмыстық іс тіркелген.

Өкініштісі, кей жерлерде бала сату тіпті көлеңкелі бизнеске де айналып кеткен. Кім сатады, кім сатып алады? Ақтөбедегі бала саудасы туралы бүгін 19:10-да «Қылмыс пен жаза» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу