Бүгін – Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні

06.05.2015
Бүгін – Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні

«Бүгінде ел спортына барлық жағдай жасалған. Лондон Олимпиадасында 205 мемлекеттің ішінде 12-ші орын алу, 7 алтын медаль иелену деген қазақ тарихында болмаған құбылыс. Ал, бұл Елбасы мен халықтың бірлігінің арқасында қол жетіп отырған жетістік. Осы қарқыннан таймаса, біздің азаматтарымыз әлі талай сайыста чемпион болады»,-дейді Жақсылық Үшкемпіров.

«Әрбір ауылды бір-бір азамат ұстаса, спортқа жағдай жасалады. Өзімізді өзіміз жарылқамасақ, сырттан келген біреу жарылқамайды. Өзімізді өзіміз мақтап, қолдап, азаматтарға сенім артуымыз қажет.  Әр азамат бір-бір ауылда спорт кешендерін салса, нағыз чемпиондарды шығаруға болады».

«Күрестен Қазақстан құрама командасы жуырда  Катарға Азия ойындарына аттанады. Кеше солармен кездесіп: «Мен бір жапырақ болып, Олимпиада чемпионы атандым ғой, сендер таудай-таудай болып, неге чемпион болмайсыңдар? 35 жыл өтті, содан бер бір қазақ азаматы шығуы керек қой», деп намыстарына тидім. Оларда да намыс бар, ертең-ақ Азия чемпионы болып келетіндеріне кәміл сенемін»,-дейді чемпион.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу