Алматыда салынып жатқан үйлердің 40 пайызға жуығы жеке меншікке тиесілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда салынып жатқан үйлердің 40 пайызға жуығы жеке меншікке тиесілі

03.05.2015
Алматыда салынып жатқан үйлердің 40 пайызға жуығы жеке меншікке тиесілі

Алматыда бастапқы және екінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы теңелді.

Наурыз айында орташа баға шаршы метріне - 287 мың теңгені құраған.  Бұл - республикадағы 18 ірі қаладағы тұрғын үйлер бағасымен салыстырғанда екінші көрсеткіш. 

Алғашқы тоқсанда қала салынып жатқан тұрғын үйлер көлемі бойынша алғашқы орынға шықты. Тұрғындарға жалпы аумағы 479 мың шаршы метрді құрайтын 1 926 пәтердің кілті табысталды. Олардың 1349-ы (40 пайызы) - жеке меншік үйлер.

Сондай-ақ, Алматы қаласы тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша – республикада елордадан кейін екінші орында. Жан басына шаққандағы көрсеткіш 27,6 шаршы метрді құрайды , деп хабарлайды ranking.kz. 

Хабарламаларға жазылу