Сергей Есениннің поэзиясы екі алақанымен жан дүниесінің қазынасын ұсынып тұрғандай – Алексей Толстой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сергей Есениннің поэзиясы екі алақанымен жан дүниесінің қазынасын ұсынып тұрғандай – Алексей Толстой

02.05.2015
Сергей Есениннің поэзиясы екі алақанымен жан дүниесінің қазынасын ұсынып тұрғандай – Алексей Толстой

Осыдан 93 жыл бұрын (1922 жылы) поэзия көкжиегіндегі танымал ақын Сергей Есенин мен әйгілі биші Айседора Дунканның үйлену тойы өткен.

Айседора Дункан би өнеріне өзіндік жаңашылдық әкелген, модерн бидің негізін қалаған америкалық биші. Оны Еуропа елдерінің барлық театры сән-салтанатпен қарсы алатын. 1920 жылы биші Ресейге арнайы шақыртумен балет мектебін ашуға келеді.

1921 жылы ол талантты ақын Сергей Есенинмен танысады. Ал, 1922 жылдың 2 мамырында олар Мәскеуде заңды некеге тұрады.

Алайда, олардың некесі көпке ұзамайды. 1924 жылы Айседора Дункан АҚШ-қа оралады. Ал, 1925 жылы Ленинградтағы «Англетера» қонақүйінде Сергей Есенин қайтыс болады.

«Оның қазасы жаныма қатты батты. Есенинде жастық да, әдемілік те, кемеңгерлік те болды. Ол барша өлеңсүйер қауымның жүрегінде мәңгі қалады», - дейді Айседора Дункан Париждегі газеттердің біріне берген сұхбатында.

Сергей Есениннің шығармаларының орыс поэзиясы әлемінде алатын орны ерекше. С.Есенин туралы жазушы Алексей Толстой: «Оның поэзиясы екі алақанымен жан дүниесінің қазынасын ұсынып тұрғандай»,- дейді.

Сергей Есениннің өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі, Евней Бөкетов сынды ақын-аудармашылар қазақ тіліне аударған.

Хабарламаларға жазылу