Тұяқ Есқожина – 350 баланың анасы

01.05.2015
Тұяқ Есқожина – 350 баланың анасы

Тұяқ Есқожинаны еліміздегі ең бақытты адамның бірі, деуге болады. Ардақты ана жұбайы Әнуармен бірге 350 баланы қамқорлығына алып, 16 жылдан бері бір шаңырақ астында тәрбиелеп келеді. Бәрі тумаса да, туғанындай өзінікі.

17 жасынан шағын мектеп директорлығын атқарған, педагог, психолог, оқу-ағарту ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз, кейін Білім министрлігінде қызмет еткен ана, отағасы Әнуар Сейітұлы екеуі қалған ғұмырларын тағдырдың сынына ерте ұшыраған жәутеңкөздерге арнаған жандар.

Бүгінде Тұяқ Қазкенқызының 100 баласы – жоғары білімді. 10 баласы магистратураны бітірді, 26-ы жоғары оқу орындарында оқуда. Екеуі Қытайда білім алды. Отағасы Әнуар екеуі  74 үйлену тойын өткізді. 26 ұлын үйлендіріп, 48 қызын тұрмысқа берді.

Бүгін 17:05-те «Жан жылуы» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу