Қытайдың Сунь Ятсен университетінің ғалымдары Protein & Cell журналына берген мақаласында адам ұрығындағы генді түрлендіргенін мәлімдеді. Алайда, олардың зерттеуі оң нәтиже бермеген.
Ғалымдар мұндай тәжірибеге «өлі» ұрықтарды пайдаланғанын айтады. Олар ДНҚ-дан түрлі сал ауруын тудыратын НВВ генін алып тастамақ болған.
Десек те, CRISPR/Cas9 міндетін атқара алмаған. Тек 86 эмбрионның 28-і ғана гендерді өңдеуді көтере алған. Соның ішінде 4-нен ғана HBB гені алынып тасталған. Бірақ, ДНҚ-ның керек бөлігінде CRISPR/Cas9 ген құрылымын өзгеріске ұшыратқанын көріп, ғалымдар тәжірибені тоқтатуға мәжбүр болған.