Жұма қандай күн? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұма қандай күн?

24.04.2015
Жұма қандай күн?

Күндердің сұлтаны – жұма. Бұл күн барша мұсылмандар үшін мереке саналатын ең берекелі күн. Алланың елшісі (с.а.с) «Бұл жұма, күндердің төресі, оның дәрежесі екі айт намазынан артық. Онда бес қасиет бар: Адам ата жаралған күн, Адам ата жәннәттан жерге түсірілген күн; Адам ата дүниеден қайтқан күн;  бұл күнде бір уақыт бар дұғалар қабыл болады;  қиямет осы жұма күні басталады», деген.

Жалпы, «жұма» сөзі – «жинау», «бас қосу» деген мағынаны білдіреді. Исламтанушылар  мұсылмандар мешітке көптеп жиналатын ерекше күннің  қадір-қасиетінің артуын Мұхаммед пайғамбар өмірінің Мединеде өткен кезеңімен байланыстырады.

Жұманың қасиеттілігі күнінде емес, мұнда жамиғаттың бір жерге жиналып, мұсылманшылығын танытуында, бірігіп құлшылық жасауында, оны мейрам санауында.

Жұма қандай күн? Дұға, тілек деген не? бүгін 12:40-та «Иман айнасынан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу