Хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы келесі кездесуін Италия құрамасына қарсы өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы келесі кездесуін Италия құрамасына қарсы өткізеді

24.04.2015
Хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы келесі кездесуін Италия құрамасына қарсы өткізеді

Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан хоккейден Әлем чемпионатының бірінші дивизионында бақ сынап жатқан Қазақстан Ұлттық құрамасы келесі кездесуін Италия құрамасына қарсы өткізеді.

Осыған дейін Қазақстан Ұлттық құрамасы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Андрей Назаровтың шәкірттері Украинаны 5:2, Венгрияны 5:0, Жапонияны 7:2 және Польша құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Төрт турдан кейін Қазақстан Ұлттық құрамасы 12 ұпаймен «А» тобында жекедара көш бастап келеді. Айта кетейік, Қазақстан хоккейшілері соңғы тур нәтижесін күтпей-ақ, Әлем чемпионатының элиталық тобына жолдама алды.

Қазақстан Ұлттық құрамасының соңғы ойыны ертең Италия құрамасына қарсы өткізеді.

Ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде сағат 20:20-да көре аласыз.

Хабарламаларға жазылу