Өскеменде наурыз айында пәтер бағасы 178,5 мың теңгеге өскен

22.04.2015
Өскеменде наурыз айында пәтер бағасы 178,5 мың теңгеге өскен

Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй құрылысы инвестициясының жылдық өсімі бойынша көш басында.

Аймақтың жылжымайтын мүлік нарығының мониторингтік картасы. (2015 жыл, І-тоқсан)

2015 жылдың І-тоқсанында облыс жаңа үйлер салу көлемі бойынша 9- орында. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі - 63,5 шаршы метр.

Салынған үйлердің 80 пайызы - жеке меншік үйлер. Олардың ішінде 78 пәтер мен 443 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, облыс бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету адам басына шаққанда 19,4 шаршы метрді құрады. (2013 жылдың есебімен Қазақстан бойынша - 20,9 шаршы метр)

Аймақтың тұрғын үй қоры  - жарты миллион тұруға жарамды үй-жайдан тұрады. Бұл - республика бойынша үшінші көрсеткіш.

2015 жылдың І-тоқсанында облыс тұрғын үй құрылысы инвестициясының жылдық өсімі бойынша І орынға шықты. Инвестиция көлемі 6 миллиард теңгеге артқан. Оның 72 пайызы тұрғындар үлесіне тиесілі. 

Наурыз айында Өскеменде орта есеп бойынша пәтер құны 178,5 мың теңгеге (шаршы метрі) өсті. Бұл - ірі 18 қаланың ішінде баға қарқынының өсуі бойынша бірінші орын, деп хабарлайды ranking.kz.

 

Хабарламаларға жазылу