Шығыс Қазақстан облысы тұрғын үй құрылысы инвестициясының жылдық өсімі бойынша көш басында.
Аймақтың жылжымайтын мүлік нарығының мониторингтік картасы. (2015 жыл, І-тоқсан)
2015 жылдың І-тоқсанында облыс жаңа үйлер салу көлемі бойынша 9- орында. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі - 63,5 шаршы метр.
Салынған үйлердің 80 пайызы - жеке меншік үйлер. Олардың ішінде 78 пәтер мен 443 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.
Сондай-ақ, облыс бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету адам басына шаққанда 19,4 шаршы метрді құрады. (2013 жылдың есебімен Қазақстан бойынша - 20,9 шаршы метр)
Аймақтың тұрғын үй қоры - жарты миллион тұруға жарамды үй-жайдан тұрады. Бұл - республика бойынша үшінші көрсеткіш.
2015 жылдың І-тоқсанында облыс тұрғын үй құрылысы инвестициясының жылдық өсімі бойынша І орынға шықты. Инвестиция көлемі 6 миллиард теңгеге артқан. Оның 72 пайызы тұрғындар үлесіне тиесілі.
Наурыз айында Өскеменде орта есеп бойынша пәтер құны 178,5 мың теңгеге (шаршы метрі) өсті. Бұл - ірі 18 қаланың ішінде баға қарқынының өсуі бойынша бірінші орын, деп хабарлайды ranking.kz.