Соғыс салған қасірет жүректерде мәңгілік өшпес таңба болып сақталады. Тұрлыбек Үсібәліұлы небәрі 18 жасында Петропавл қаласындағы әскери атқыштар дивизиясында 6 ай даярлықтан өтіп, 1943 жылы Полтава қаласындағы шайқасқа кіреді.
Бұдан бөлек, Харьков, Киев және Шепетовск қалаларын жаудан азат етуге қатысады. Жаңбырша жауға оққа кеудесін тосқан майдангер туралы бұл күні естелік көп.
«Барлауда жүрген кезінде немістер украин кемпірдің малып айдап, өзін ұрып кетіп бара жатқан жерін жауды атып жібереді. Әкем майданда мерген болған»,-дейді ұлы Мамырбек Тұрлыбек.
Дегенмен, толассыз атылған оқ пен лаулаған оттың арасынан Тұрлыбек Үсібәліұлы елге аман-есен оралады. Соғыс кезінде бірнеше рет жараланып, Курск қаласындағы госпитальда емделіп, 1944 жылы Орск қаласынан соғысқа жарамсыз болып, елге жөнелтіледі.
Бүгінде ардагерге құрмет ретінде туған ауылында ескерткіш тұрғызылған.