Жатыр миомасы дертін емдеу жолдары қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жатыр миомасы дертін емдеу жолдары қандай?

18.04.2015
Жатыр миомасы дертін емдеу жолдары қандай?

Жатыр миомасы – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Медицина тілімен айтқанда, бұл дерт пайда болуы «ісіктің дамуы гипоталямо-гипофизарлы   аймақтың бұзылуына және эстрогендердің көп мөлшерде түзілуіне байланысты». Ісік жатырдың өзінде немесе жатыр мойнында орналасуы мүмкін. Миома әдетте жасы отыздан асқан әйелдерде кездеседі.

Миома  көбіне  үш бағытта еседі: жатыр қуысына қарай, жатырдың сыртына қарай және жатыр қабырғасына. Әрбір ісіктің әсері оның қай жерге өсуіне, көлеміне байланысты әртүрлі болады. Егер ісік қуыққа және тік ішекке қарай өссе, осы ағзалар қысылып, олардың   қызметтері нашарлайды. Бұл ісіктер баяу өседі.

Дәрігерлер кез-келген әйел жүктілік басталысымен акушер-гинекологтарға жиі тексеріліп тұрғаны жөн екенін айтады. Егер миома дер кезінде анықталса, оны емдеу қажет. Миоманы заманауи емдеудің жолдары туралы бүгін 10:05-те  «Дауа» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу