«Жерұйық» – дәуір шындығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жерұйық» – дәуір шындығы

17.04.2015
«Жерұйық» – дәуір шындығы

Қазақ жері талай ұлысқа тұрақ болған қасиетті мекен. 1930 жылдары қыс ортасында атамекенінен қол үзіп, депортацияға ұшыраған жандарға қазақ кең құшағын ашты, туғанынан кем көрген жоқ.

Бүгінгі Қазақстан айрандай ұйып отырған бейбіт ел болса, нәубет жылдары ешкімді өзінен кем көрмей, төріне шығарған ата-апаларымыздың үлгісінен, кең пейілінен, бауырмалдығынан болар.

Бірақ, қазақтың тарих таразыға салған осы бір кезеңдердегі бейнесі туралы көркем туындылар саусақпен санарлық қана. Содан болар, «Жерұйық» фильмі көрерменге жол тартқанда, халық шын қуанды. Бүгінгі «Айтуға оңай...» ток-шоуы осы фильмге арналады.

Хабардан соң сағат 21:55-те «Жерұйық» туындысын тамашалай аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу