Еліміздегі су тасқыны жағдайы шамамен 7-10 күн ішінде қалпына келеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенша жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Алексей Советов.
Қарағанды облысы Ғ. Мұстафин ауылының 2 350 тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілді.
«Далалық асхана, медициналық орталық, қоғамдық қауіпсіздік қатаң бақылауға алынған. Сондай-ақ, қосымша күзет бекеттері ашылды» - деді А.Советов.
Теміртау қаласында 46 үй су астында қалған. Қаланың 48 тұрғыны қауіпсіз жерге орналасқан.
139 үй су астына кеткен Қызылжар ауданының тұрғындары да толығымен қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Құтқарушылар барлық сақтық шараларын жүргізуде. Су тасқыны салдарынан болған шығындарды есептеу бойынша арнайы комиссия өз жұмысын бастап кетті.