Қазақты әлемге танытқан акробаттар Әділет Тиканов пен Кәмила Көркембаева «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақты әлемге танытқан акробаттар Әділет Тиканов пен Кәмила Көркембаева «Таңшолпанда» қонақта

15.04.2015
Қазақты әлемге танытқан акробаттар Әділет Тиканов пен Кәмила Көркембаева «Таңшолпанда» қонақта

Қазақты әлемге танытқан ерлі-зайыпты акробаттар Әділет Тиканов пен Кәмила Көркембаева «Таңшолпанда» қонақта.

Қазақстандық жас жұп «Украинада таланттар бар» (Україна має талант) атты теледуманға қатысып, жұртшылықты, қазылар алқасын таңқалдырды.

Өнерлері жоғары бағаланған ерекше талант иелері тартысты думанның келесі кезеңінде.

Әділет Тиканов пен Кәмила Көркембаеваның цирк сахнасында жүргеніне 8 жыл уақыт өтті.

«Жұптық акробатикада ең бастысы - сенім. Бір трюкті сәтті шығару үшін жылдап уақыт жұмсаймыз. Қазір қоржынымызда жеті трюк бар. Рим папасының, Монако ханшайымы Стефанияның алдында өнер көрсеттік. Алға қойған мақсатымыздың барлығы дерлік орындалды», дейді олар.

Армандары - акробаттар династиясын құру.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу