Журналист Қанат Әуесбай ертеңгі  «Таңшолпанда»  «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзiмен» атты кiтабын таныстырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Қанат Әуесбай ертеңгі  «Таңшолпанда»  «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзiмен» атты кiтабын таныстырады

20.12.2016
Журналист Қанат Әуесбай ертеңгі  «Таңшолпанда»  «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзiмен» атты кiтабын таныстырады

Скрапбукинг шебері Әсел Дауылбайқызы тікелей эфирде қағаздан түрлі бұйымдар жасап көрсетеді. Қағаздан әдемі дүниелер жасауды Сіз де үйреніңіз!

Шаңғы мен оның таяғын қалай таңдаған дұрыс? Қандай түрлері бар? Сырғанау маусымының алдында нені ескерген жөн? Толығырақ арнайы маман кеңесінде.

«Барселона» футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси оның нөмірі мен есімі жазылған ақ-көгілдір түсті футбол жейдесін пакеттен жасап алып, интернет жұлдызына айналған ауғанстандық бүлдіршін Мұртаза Ахмадимен кездесті. Арманы орындалған футбол жанкүйерлері туралы ертеңгі «Таңшолпанда».

Жер сілкінісі немесе шахтадағы апаттардан кейін қуыс-қуысқа кіріп, үйінді астында қалған адамдарды табуға көмектесетін жылан робот қолданысқа енді. Адам өміріне пайдасы зор роботтармен таныс болыңыз.

zhaersilkinisi

Журналист Қанат Әуесбай ертең «Таңшолпан» студиясында «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзiмен» - «Looking west.Kazakh’s view of Great Britain» атты кiтабын таныстырады. Кітаптың тұсаукесері әлемге әйгілі Кэмбридж университетінде өтті.

Танымал әнші Мақпал Исабекованың жеке «Инстаграм» парақшасы 1 500 000 теңгеге сатылды. Ал, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жапониялық аниме-сериалдың кейіпкеріне айналды. Шоу-бизнес әлеміндегі осы және өзге де жаңалықтарды өткізіп алмаңыз.

Бұл қыз - өз әулетінен шыққан тұңғыш бүркітші. Жақында «ВВС», «СNN» сынды телеарналар қазақ қызы Айшолпан туралы фильм түсірді. Қазақты әлемге танытқан Айшолпанның ерлігін «Таңшолпаннан» көріңіз. 

aisholpan

21 желтоқсан сағат 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арна қосулы болсын! 

Хабарламаларға жазылу