Қарлығаштың құйрығы неге айыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

14.04.2015
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Кеш келіп, ерте қайтатын қарлығашты қазақ халқы ежелден қасиет тұтады. Өйткені ол, оба, тырысқақ, безгек секілді жұқпалы аурулар тараған жерге ұшып келмейді. «Қарлығаш та адам секілді топырақтан жаралған», деген халық нақылы да бар.

Қарлығаштың өзге құстардан ерекшелігі – тұмсығы қысқа, түбі кең, езулерінің арасы алшақ келеді. Дене бітімі өте сымбатты.  Тырнағы қысқа әрі әлсіз. Басқалардан басты айырмашылығы – құйрығы айыр. Оның себебі, халық ертегісінде түсіндіріледі.

Қарлығашты эстон халқы да қадірлейді. Тек бізде қарлығаштың құйрығын айыр қылған ашулы айдаһар десек, эстон фольклорында былайша баяндалады:

«Ертеде эстон жерінде екі ғашық өмір сүріпті. Екі жастың бақытын қызғанған пері өзінің сүйкімсіз қызын сиқырлап, жігітке қосады да, сүйген аруын қарлығашқа айналдырып жібереді. Күндердің күні жігіт перінің қызына үйленуге бел байлайды.

Той үстінде қарлығаш ұшып келіп, жігіттің иығына қонып, қалыңдығының құлағындағы сырғаны жұлып алады. Тойдың шырқын бұзған құсты қуып тастамақ болып, жұрт пышақ пен балта алып жүгіреді. Өткір балта қарлығаштың құйрығын екіге айырып түседі. Содан бері оның құйрығы айыр болып қалған».

Жалпы, бұл құстың қанша түрі бар? Қазақ жерінде қанша түрі мекендейді? Қарлығаш ұясын қалай және немен жасайды? Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу