«Ауыл балаларына арналған таза су» жобасы 25 мың адамды қамтиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл балаларына арналған таза су» жобасы 25 мың адамды қамтиды

13.04.2015
«Ауыл балаларына арналған таза су» жобасы 25 мың адамды қамтиды

16 сәуірде «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы «Coca-Cola» Халықаралық қоры мен БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен  Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Ауыл балаларына арналған таза су» атты жобасының басталуына орай дөңгелек үстел өтеді. 

Мақсат -  балалар мен жастарды сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы жалпы білім беретін мектептерде суды кешенді тазартуға арналған сүзгіштер орнату.

Жоба аясында тазартқыш сүзгіштерді аудандағы 24 мектеп пен төрт балабақшаға орнату көзделген. Сондай-ақ, мектептерде 28 экологиялық клуб құрылып, «Дені сау отбасы кепілі - таза су» тақырыбымен ашық сабақтар өткізіледі.

Жоба оқушылар мен білім мекемелері қызметкерлерін қоса алғанда шамамен 25 мың қатысушыны қамтиды.

Дөңгелек үстел барысында Ақкөл ауданының әкімдігі мен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және «Ауыл балаларына арналған таза су» жобасын басқару комитетін құру жоспарлануда.

Комитетке аудан әкімдігінің өкілдері, маслихат депутаттары, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен санитарлық сараптау орталығының өкілдері кіреді.   

 

Хабарламаларға жазылу