Биыл ауыл мектептеріне 515 автобус беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл ауыл мектептеріне 515 автобус беріледі

19.05.2022

Биыл ауыл мектептерінің автопаркі 515 автобуспен толығады. Жаңа техника бірінші кезекте басқа елді мекенге барып білім алатын шағын ауылдың балаларына беріледі. Өңірдегі мектептерді жаңа көлікпен қамту мәселесі биыл бірінші рет республикалық деңгейде шешіліп, қаржы бөлінді. Білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы да әзірленді. Өйткені әлі 25 мың оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ, мектептерде бала құқығын қорғауға арналған веб-сайттың QR-коды бар тақтайшалар орнатыла бастады. QR-кодты сканерлеу арқылы оқушылар мен ата-аналар «Bala Qorgau» сайтына өтіп, сұрақ қоя алады.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу