Авитаминоз деген не? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Авитаминоз деген не?

11.04.2015
Авитаминоз деген не?

Сарышұнақ аяздың беті қайтып, көктем жақындаған сайын әлдебір жылылық пен шуақты күтіп тағатсызданғанымызбен, сол көктемде әлсіздік балағымыздан тартып, авитаминоз пайда болады.

Авитаминоз – әлдебір дәруменнің ағзаға жетіспеушілігінен туындайтын ауру. Көктем келгенде адам ағзасы тез шаршап, ұйқыға жата кеткісі келіп тұрады, депрессияға тез беріледі, кейбір жағдайда шашы түсіп, ерні жарылады. Міне, осы жағдайлар авитаминоз ауруының тууынан болады. 

Авитаминоздан қалай емделуге болады? Көктем мезгілінде көбіне қандай жемістерді тұтынған жөн? Адам ағзасына қажетті дәрумен қандай тағамдарда бар?  Бүгін 10.05-те «Дауа» хабарынан  біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу