Қыста адамдар неліктен тәттіге құмартады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыста адамдар неліктен тәттіге құмартады?

29.11.2015
Қыста адамдар неліктен тәттіге құмартады?

Адамдар күн суығаннан бастап кәмпит, тәтті тоқаш және шоколадты көп мөлшерде тұтынады.  Мұның себебі неде?

Қайғы мен көңілсіздік

Қыста ағза жылуды сақтау үшін көп мөлшерде энергия жұмсайды. Сондай-ақ, қыс мезгілінде күн сәулесі көп түспейтіндіктен, ағзаға D дәрумені жетіспейді.

Осы кезде көпшілік авитаминоз ауруына шалдығып,  иммунитеті төмендейді. Түрлі вирустық сырқатпен ауырады.

Ағза қалыпты жұмыс істуі үшін энергия қажет болады. Ал, тәттілер –  қолжетімді энергия көзі саналады.

Кәмпиттер мен тәтті тоқаштар көңіл-күйді көтеретіні белгілі. Алайда тәттілерді  көп мөлшерде тұтыну – артық салмақ қосуға әкеліп соғады.

Егер физикалық белсенділік төмен болса, соңы семіздікке апаруы мүмкін.  Жастар артық салмақтан оңай құтылады. Ал, 35 жастан жоғары адамдарда зат алмасу процесі баяу жүретіндіктен, ас ұзақ қорытылады.

Мамандар суық күндері ағза жеткілікті мөлшерде энергия алуы үшін рационда тәттілер міндетті түрде болуы керек дейді. Алайда ол – кәмпит, тәтті тоқаш пен түрлі тәттілер емес, дәрумендерге мол өнімдер  болуы керек.

Кондитерлік  өнімдерді кептірілген жемістер, банан, тәтті алма, цитрус, кивимен алмастыруға болады. Сонда ағза энергиядан бөлек, дәрумендер мен микроэлементтерді де алады.

Калориялы десерттің орнына зефир мен кептірілген жеміс-жидектерден жасалған тосапты тұтынған жөн. Аталған өнімдерде қант аз мөлшерде болады.

Сондай-ақ, суық күндері ағза энергия  жоғалтпауы үшін суық тиюден сақтану керек.  Сондықтан қыс мезгілінде  денсаулықты күту үшін және көңіл-күйдің көтеріңкі болуы үшін D дәруменін тұтынып, ұйқыны қандыру керек.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

ФОТО: strana-sovetov.com

Хабарламаларға жазылу