Әдептілік қағидалары – бұл мінез-құлық нормасы. Ал, мінез-құлық – адам бойына сүтпен сіңіп, сүйекпен бітетін қасиет. Мінез – адамның болмысы, бітімі. Туа қалыптасқан ішкі иірімі, терең құпиясы. Сондықтан, адамды әдептілікке жастайынан баулу қажет.
Адам үлкен табысқа, байлыққа, биік мәртебеге, сый-құрметке, береке-бірлікке, жақсы қарым-қатынасқа, мақсат-мұратқа, достыққа, махаббат жарасымына, жарасымды жанұяға, сүйкімді ұрпаққа жағымды, сұлу мінезімен ғана жете алады. Мінез – адам баласының бағын ашатын, бақытқа қолын жеткізетін, құрметке бөлейтін, сыйға кенелтетін алтын кілт іспеттес.
Содан болар, қазақта мінезге қатысты «Жақсы мінез – жан көркі», «Адам мінезінен танылады», «Жақсы – көпшіл, жаман – кекшіл», «Ақылды бәрін алақанында ұстайды», «Кең болсаң – кем болмайсың», деген сияқты сөздер жетерлік.
Көркем мінез қалай қалыптасады? Мінездің тәрбиеге қатысы бар ма? Бүгін 19.10-да «Иман айнасынан» көріңіз.