Бақылау сот коллегиясы судьясының айтуынша, Қазақстанда балалар құқығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы ҚР Президентінің Алматы және Астана қалаларында кәмелетке толмағандар бойынша мамандандырылған ауданаралық соттарды құру тәжірибесін енгізу туралы жарлығы болды. Екі қаладағы бұл тәжірибе өзге өңірлерде де осы сынды сот құруды көрсетті.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда 19 сот жұмыс істейді. Ол Алматы облысында, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында 2 соттан болса, өзге өңірлердің орталықтарында 1 данадан бар», - деді ол.
Оның айтуынша, ювеналды соттың жалпы саны 57 судьяны құрайды. Олардың 40 пайызында 10 жылдық еңбек өтілі болса, 14,8 пайызы екінші жоғары білімді.
«2012 жылы қайта құрылған ювеналды соттардың құрамында бұрын-соңды судья болып қызмет еткен адамдар немесе екінші жоғары білім алған мамандар таңдалды», - деді ол.
Айта кетейік, ювеналды соттар 2012 жылы ҚР Президентінің жарлығы бойынша құрылды.