Мақсат Қайратұлы: Жұлдыздардың мүсінін жасап, шеберлігімізді шыңдап жүрміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақсат Қайратұлы: Жұлдыздардың мүсінін жасап, шеберлігімізді шыңдап жүрміз

08.04.2015
Мақсат Қайратұлы: Жұлдыздардың мүсінін жасап, шеберлігімізді шыңдап жүрміз

Өнерпаздардың ерекшелігі сол, танымал тұлғалардың шағын мүсіндерін жасайды.

«Әуелде бұл өнермен айналыса бастағанда, мүсіншелерді әншілердің өздеріне немесе басқа да адамдарға  сату ойда болмады. Тек шеберлігімізді шыңдай түсу үшін бастаған едік. Қазір танымал жұлдыздар кездесіп қалған кезде мүсіндерін сыйлаймыз».

«Ең алдымен, Мейрамбек Беспаевтың мүсінін жасадық. Кейін Сәкен Майғазиев, Айқын, Бүркіт, Серік Ибрагимов, Еркебұлан Дайыров, Азамат Сатыбалды, Әли Оқапов және басқалардың мүсіндері дүниеге келді. Әр мүсіннің жасалу мерзімі әрқалай. Біреуіне 3-4 күн кетсе, енді бірі апталап уақыт алады»,-дейді өнерпаздар.

«Жұлдыздар  мүсіндерін көргенде қатты қуанады. Сәкен Майғазиев, Әли Оқапов, Серік Ибрагимов, Бүркіт ерекше лебіздерін білдіріп, Instagram-дағы парақшаларына жарналаған еді».

«Мұндай өнермен айналысуымызға Израильдегі бір мүсіншінің өнері себеп болды. Содан өзіміз неге жасамасқа деген оймен, бастап көрдік. Қазір сұраныс жоғары. Шикізатты жасанды тастан және полимерлі балшықтан аламыз. Әр әншінің киім үлгісі, жүріс-тұрысына дейін мән беруге тырысамыз»,-дейді Айдос Сәбитұлы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу