Павлодарда Едіге Ниязовтың көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Едіге Ниязовтың көрмесі ашылды

06.04.2015
Павлодарда Едіге Ниязовтың көрмесі ашылды

 

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде танымал фотограф, еліміздегі балалар фотомектебінің негізін қалаушы Едіге Ниязовтың көрмесі ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Автордың 92 туындысы қойылған  көрмені шәкірттері ұйымдастырған. Ұсынылған жұмыстардың жартысын фотосуретшінің шәкірті Максим Адрерс басып шығарса, қалған еңбектерін Едіге Ниязов көзі тірісінде шығарыпты.

Максим Андерстің айтуынша, шараны ұйымдастыру жұмыстары үш ай бойы жүргізілген.

«Ұстазын ұлықтау – әр шәкірттің парызы. Көрмеге арналған фотоларды негативтен қағазға басып шығару машақаты мол шаруа екені түсінікті. Сондықтан дайындық жұмыстарына үш айы уақыт кетті. Мәселен, негативтің техникалық жағдайына байланысты бір суретті дайындауға 6 сағаттан 30 сағатқа дейін уақыт жұмсалады. Осындай фотоның кепілдік сақтау мерзімі 150 жылға жетеді. Қуантарлығы, заманауи мультиконтрастты қағаздың арқасында Е. Ниязовтың жұртшылық көрмеген жұмыстарын басып шығаруға мүмкіндік туды. Сол себепті көрмеге келгендер кезінде фотографтың ресми коллекциясына енбей қалған суреттерін көре алды», - дейді Максим Андрес.

Еске сала кетсек, Едіге Ниязов Ресей Фотосуретшілері одағының мүшесі, Франциядағы «Темный Фонтан» фотографиялық қоғамының белді мүшесі, КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс және қола жүлдегері болған.

Шебердің фотожұмыстары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Голландия, Финдляндия елдерінің мемлекеттік және жеке коллекцияларында сақталған. Сонымен қатар, Санкт-Петербург қаласындағы орыс мемлекеттік музейінде, Францияның Бьевр қаласындағы және Павлодар облыстық Көркемсурет музейлерінде бар. 

Хабарламаларға жазылу