Маңғыстау облысында 424 отбасы жаңа пәтердің кілттеріне ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында 424 отбасы жаңа пәтердің кілттеріне ие болды

05.04.2015
Маңғыстау облысында 424 отбасы жаңа пәтердің кілттеріне ие болды

«2014 жылы Маңғыстау облысында 587 мың шаршы метр үй табысталды. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 492 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Биылдың өзінде «жас отбасыларға» арналған 60 пәтерлік 2 үй, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы барлық санаттағы адамдар үшін 32 «А» шағын ауданнан 120 пәтерлік 1 үй, «Аққу» шағын ауданынан 2-кезеңінде барлығы 747 пәтерді тапсыру, және жергілікті атқарушы орган кезегіндегілер үшін 120 пәтерлік 3 үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Ағымдағы жылдың соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы бағдарлама қатысушыларына арналған 120 және 670 пәтерлік екі үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қолжетімді баспан-2020» бағдарламасы, аймақтар мен ірі агломерацияларды дамытуға мүмкіндік берген, өңірлердің 2020 жылға дейін дамуы кешенді  бағдарламасының бөлігі болды.

Ақпан айында Маңғыстау облысы жаңа үйлерді енгізу бойынша Қазақстандағы облыстар арасынан, астаналардың көрсеткіштерінен кейінгі 1-ші орынға ие болды. 75,9 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Негізінен тұрғын үй ғимараттарының басым бөлігін жеке меншік үйлердің құрылыстары құрайды. 422 жеке меншік үйлердің кілттері табысталды. 

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу