30 жылдан бері Парижде тұратын қазақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 жылдан бері Парижде тұратын қазақ

03.04.2015
30 жылдан бері Парижде тұратын қазақ

Әр сенбі күні таңғы 9.00-де Ұлттық арнадан эфирге шығатын «Сенбілік таң» бағдарламасының шығармашылық тобы Францияға сапарлап, сол елде қоныстанған қандастардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Шығармашылық ұжым іс-сапар барысында бірнеше бағдарлама түсіріп үлгерді.

Соның бірі – 4 сәуір күні эфирге шығатын Парижде 30 жылдан бері тұратын қолөнер шебері Мұстафа Услужанның отбасымен сұхбат. Сүйікті жарымен Франция елінде танысқан қазақ азаматы сол елде тұрақтап, үш ұл сүйген.

Ол шетелде жүріп, әке-шешесінен үйренген тері илеу кәсібін әлі күнге дейін жалғастырып келеді. Бүгінде бренд  өнімдерін ұсынатын Париждегі «Louis Vuitton» сән үйінің қызметкері.

Франция қазағы 30 жылдан бері Парижде қандастар бас қосатын қазақ мәдени орталығының жоқтығына қынжылады.

Мұстафа Услужан Қазақстанмен тығыз байланыста. Алматы қаласында сауда жұмыстарын да жүргізіп отыр. Франциядағы Қазақ қауымдастығының төрағасы өзге елдегі қандастарымыздың ел тарихы мен дәстүрін ұмытпауына атсалысып, ана тілін үйрету үшін көп еңбектенуде.

Қазақ азаматы Мұстафаның қандай мақсаты бар? Шалғайда жүрген қазақ келіні қайын жұртына қандай сәлем жолдайды?

Хабарламаларға жазылу