Астанада «Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

13.02.2015
Астанада «Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Тарихтың тұңғиығын таныту – ұлттың ұлы мұраты.  Өз шежіресін ұлықтай білген өскелең ұрпақтың келешегі кемел. Астанада осындай мақсатты діттеген дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» деп аталған жиын «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» жаһандық жобасының аясында өтуде. Қазақ елінің бастамасымен жүзеге асқан шара Бірікен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның қолдауына ие болған.

Шараның мақсаты – Жер бетіндегі халықтардың түп тамыры бір екендігін  көрсетіп, ежелгі тарихымыздан сыр шерту.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу