
II Дүниежүзілік соғыс кезінде майдандағы қазақ жауынгерлеріне арналып шыққан әскери газеттердің ақпарат таратуда, ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуде маңызы зор болды.
Қазақ тілінде барлығы 20-ға жуық газет жарық көрді. Онда II Дүниежүзілік соғыстың барысы, елдегі хал-ахуал, қазақ жауынгерлерінің майдан даласындағы ерлік істері т.б. мәселелер көтерілді.
Майдандық қазақ газеттерінің редакторлары болып Қасым Шәріпов, Құрманбек Сағындықов сияқты журналистер тағайындалды. Сөйтіп, қазақ баспасөзінің сапына отты жылдардың шежіресі – майдан газеттері келіп қосылды.
Майдандық қазақ газеттері туралы бір топ қазақ жауынгерлері мен офицерлері былай деп жазады: «Майдандағы қазақ газеттері біздің мақтаныш сезімімізді бұрынғыдан да жоғары көтерді. Газеттер бізге қазір қызу жұмыс жүріп жатқан алыстағы туған өлкемізден, қаламыздан, ауылымыздан хабар әкеледі. Сондықтан да біздің солдаттық жүрегімізге қазір әскери газеттердің әрбір сөзі қымбат».
Бүгін 22.40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан толығырақ біле аласыздар.
