Юрий Красножан: Ресей құрамасына қарсы ойында жастарды сынап көргім келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юрий Красножан: Ресей құрамасына қарсы ойында жастарды сынап көргім келеді

31.03.2015
Юрий Красножан: Ресей құрамасына қарсы ойында жастарды сынап көргім келеді

Кеше екі құрама бапкерлері мен капитандары ойын алдында баспасөз мәжілісін өткізді. Алғаш болып Қазақстан Ұлттық құрамсының бас бапкері Юрий Красножан мен капитан Самат Смақов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Юрий Красножан, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

«Бізді алда қызықты ойын күтіп тұр. Шәкірттерім матчқа сақадай сай. Осы ойында жастардың қарымын сынап көргім келеді. Сол үшін бірқатар жас ойыншыларды алып келдік. Жастар аянып қалмайды», - дейді бас бапкер.  

Самат Смақов, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны:

«Ресеймен болатын кездесуге жақсы дайындықпен келдік.  Жігіттердің көңіл-күйі, ойынға дайындығы өте жақсы. Ресеймен өтетін кездесуде жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Исландияға қарсы өткізген ойында жарақат алған бірқатар футбошылар елде қалды. Олардың орнына тәжірибелі жас футболшылар келді. Ойынға толыққанды дайынбыз».

Еске сала кетейік, жолдастық кездесу бүгін Астана уақыты бойынша 23:00-де «Химки Арена» стадионында өтеді.

Хабарламаларға жазылу