Ислам Бозбаев Түркияда өткен Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ислам Бозбаев Түркияда өткен Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

30.03.2015
Ислам Бозбаев Түркияда өткен Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде ол Ирак палуаны Алькурайши Шихабты ұтты, екінші белдесуінде нидерландтық Элмонт Гюлаумнен басым түсті.

Жартылай финалға жолдама алу үшін ол Сербия спортшысы Александр Куколжден жеңіліп, жұбаныш белдесуінде словакиялық Рандл Миланды жеңді. Үшінші орынға күрес кезінде Ислам Бозбаев израйльдық Кохман Лиден басым түсіп, турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу