Ларс Лагербек: Ертеңгі ойын оңайға түспейтіні анық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ларс Лагербек: Ертеңгі ойын оңайға түспейтіні анық

27.03.2015
Ларс Лагербек: Ертеңгі ойын оңайға түспейтіні анық

Исландия құрамасының бас бапкері Ларс Лагербек бүгін 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі. 

«Біз ойынға бой үйрету үшін Қазақстанға ертерек келдік. Орналасу жағынан барлығына көңіліміз толады. Жарақат алған ойыншылар жоқ, барлығы ойынға дайын. Ертеңгі ойын оңайға түспейтіні анық. Қазақстан Ұлттық  құрамасының барлық матчтарды қарап шықтық. Латвиямен өткен ойында айтарлықтай басымдыққа ие бола отырып үш ұпай ала алмағаны таңғалдырды. Бірақ, біз жеңіс үшін келдік», - деді Лагербек. 

Сонымен қатар, Исландия құрамасының бас бапкері Қазақстанның допты бақылауда ұстайтынын және қақпаға соққы бағыттауға ұмтылатынын атап өтті. Оның сөзінше, қазақстандық футболшыларға өз алаңы көмектесуі де мүмкін.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 28 наурыз күні Қазақстан-Исландия матчын Астана уақытымен сағат 20:40-та тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу