«Ақтөбе» дубль командаларының арасында Қазақстан чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе» дубль командаларының арасында Қазақстан чемпионы атанды

02.08.2014
«Ақтөбе» дубль командаларының арасында Қазақстан чемпионы атанды

«Ақтөбе» командасы үшін «Тараз» футболшыларымен болған ойын оңайға соқпады. Бір сағат бойы шабуылдаған ақтөбеліктерді 67-ші минутта Аслан Кәкімовтің көмегімен гол соғып, алға шықты.

Ойын соңына дейін «Тараз» есепті теңестіре алған жоқ. Чемпионаттың күміс жүлдесін өткен жылдың жеңімпазы «Қайрат» иеленді. Алматылықтар «Ақтөбеден» 1 ұпай қалып қойған болатын.

Сондықтан оларға «Ақтөбенің» соңғы матчта ұпай жоғалтқаны керек еді. Алайда, ақтөбеліктер 3 ұпай еншілеп, турнирдің жеңімпазы атанды.  

Ал, үшінші орынға «Ордабасы», «Шахтер» және «Атырау» футболшылары таласуда.

 

Хабарламаларға жазылу