Жанкүйерлермен кездесуге қақпашы Андрей Сидельников, қорғаушы Юрий Логвиненко, жартылай қорғаушы Самат Смақов пен Азат Нұрғалиев келді. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
Футболшылармен жүздесуге келген жанкүйерлер Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшелерімен суретке түсіп, қолтаңба алды. Сонымен қатар, естелік сыйлықтарға ие болды.
«Жанкүйерлермен кездесу - бұл біздің қызметіміздің бір бөлігі. Біз оларға Ұлттық құраманың өмірі мен ойынға дайындығы туралы әңгімелеп бердік», - дейді Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смақов.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 28 наурыз күні Қазақстан-Исландия матчын Астана уақытымен сағат 20:40-та тікелей эфирде көрсетеді