Ол – Қазақстан Президенті оркестрінің әншісі. Өзінің ешкімге ұқсамайтын әдемі қоңыр дауысымен қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген сахна саңлағы.
Ән қоржынында Отан, туған жер, ел, ата-ана, ағайын-туыс, бауырға арналған әндері басым өнерпаздың «Отаным десем...» атты шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан 21.05-те көріңіз.
Біздің анықтама:
Досымжан Таңатаров – 1975 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылында дүниеге келген. Жамбыл техникалық институтында инженер техник-химик мамандығы бойынша дәріс алып, кейін музыка мамандығы бойынша Жамбыл педагогикалық институтын тәмамдаған.
2000 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті оркерстрінің әншісі. «Құралай» атты алғашқы бейнебаяны 2001 жылы жарыққа шықты. Ал, 2005 жылы мамыр айында Алматы қаласындағы Республика сарайында «Құралай» атты жеке шығармашылық кешін өткізді. Астана қаласының 10 жылдығына орай «Сарыарқа» атты кеш өткізеді.
Бүгінде әншінің «Аққуым», «Ауылға арнау», «Даланың ару қызы», «Сарыарқа» атты жеке күйтабағы жарыққа шыққан.