«Наурыз – нұрлы жол!» атты мерекелік бағдарламаны тамашалаңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз – нұрлы жол!» атты мерекелік бағдарламаны тамашалаңыз

21.03.2015
«Наурыз – нұрлы жол!» атты мерекелік бағдарламаны тамашалаңыз

Наурыз – қасиетті күн. Ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған. 

Наурыз – табиғаттың қайта жаңғыртылуын кейіптей келе, саяси, нәсілдік, діни айырмашылықтарына қарамастан, қоғамның бірлігіне көңіл аудартады.

Бұл күн – нағыз ұлт мейрамы. Наурыз береке-бірліктің, қайырымдылықтың, кешірімнің мейрамы.

Берекенің бастауы саналатын Ұлыстың  ұлы күніне орай бүгін сағат 11.00, 13.00 және 22.40-та Ұлттық арнадан тікелей эфирдегі «Наурыз – нұрлы жол!» атты мерекелік бағдарламаны тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу