Талдықорғанда блогерлер Наурыз мейрамын тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда блогерлер Наурыз мейрамын тамашалады

23.03.2015
Талдықорғанда блогерлер Наурыз мейрамын тамашалады

22 наурыз күні Талдықорғандағы Орталық алаңында «Қасиетті халық тойы – Нұрлы Наурыз» атты мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің ресми сайты.

Осы мерекелік думанды қала тұрғындарымен бірге «Blogcamp Талдықорған – 2015» құрылтайына келген блогерлер де тамашалады.

Жиналған көпшілікпен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтарға театрландырылған көріністер, мерекелік концерт, алтыбақан, ұлттық ойындар мен жарыстар ұсынылды.

Еске сала кетсек, блогерлердің бас біріктіруінің негізгі мақсаты -  Интернет желісінде қазақ тілді аудиторияның ауқымын кеңейту, мемлекеттік тілдегі сайттар мен порталдардың жұмысын жетілдіру, жақсарту, өз «парақшалары» мен блогтарын жүргізе отырып, Интернеттегі қазақ контентін насихаттау.   

Фото Шырақ Байкенованың Фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Хабарламаларға жазылу