«Наурыз көркі – ақ бата» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз көркі – ақ бата»

20.03.2015
«Наурыз көркі – ақ бата»

Қазақта  «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сияқты мақал да, нақыл сөз де жеткілікті. Халқымыз ақ батаның ұрпақтарын адамгершілік, имандылық, ақыл мен парасаттылық, шешендік жолында тәрбиелеуде маңызы жоғары екенін білген.

Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән берген. Сондықтан, той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу ықылым заманнан дәстүрге  айналып, тұрмыс-тіршілікпн біте қайнасып кетті.

Бүгін 19.10-да «Иман айнасы» хабары батаның маңыздылығына, түрлеріне тоқталмақ.

Хабарламаларға жазылу