Астанада «Arlan» ұлттық аяқ киімдер өндіретін цех ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Arlan» ұлттық аяқ киімдер өндіретін цех ашылады

19.03.2015
Астанада «Arlan» ұлттық аяқ киімдер өндіретін цех ашылады

Самғау Нәсіпхан - жас кәсіпкер. Бүгінде ұлттық ою-өрнектермен әдемі безендірілген аяқ киімдер тігеді. Теріден жасалатын аяқ киімдерге өнер ұжымдары көптеп тапсырыс беруде. Сондай-ақ, мұнда балаларға арналған ортопедиялық аяқ киімдер де бар.

«Біз бұл кәсіпті Өскеменнен Астанаға арнайы келіп бастадық. Ондағы мақсат - аяқ киім жасау кәсібін республикалық деңгейде дамыту. Біз «Arlan» деген ұлттық брендпен өнім шығарамыз»,-дейді кәсіпкер.
Күн санап елімізде отандық өнімнің саны да, сапасы да артып келеді. Жақын арада «Arlan» ұлттық аяқ киімдер өндіретін жаңа цех ашылмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу