Павлодарлық қымыз өндіруші еуропалық нарыққа шықпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық қымыз өндіруші еуропалық нарыққа шықпақ

18.03.2015
Павлодарлық қымыз өндіруші еуропалық нарыққа шықпақ

Бүгін «Сағып» ШҚ-да автоматтандырылған қымыз цехының іске қосылуы өтті. Заманауи құрылғы қымызды 0,3, 0,5 және 1 литрлік шыны шөлмектерге құйып шығарады.

Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Қанат Бозымбаев облыстағы үздік кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

«Сағып» шаруашылығы тәулігіне шипалы қымыздың бір тоннасын, ал аптасына 5 тонна өндіреді. Қожалықтың басшысы Төлеу Құшманова алдағы уақытта отандық нарықпен қатар, Ресей мен Еуропа елдерінің нарығына шығуды жоспарлауда.

«Осы жылдың сәуір айында сары қымызымызды Мәскеуге жөнелтеміз. Кейін өнімімізді Польша нарығына ұсынудан да ниеттіміз. Қазіргі таңда иелігімізде 400 бие бар, олардың 180-і – сауын. Алдағы уақытта мамандарымыз Латвиядан бие сатып алуды көздеуде. Шетелдік жануарлардан қазақы биеге қарағанда екі есе өнім алуға болады», - дейді Төлеу Көкешқызы.

 

Фото: pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу