Елбасы Павлодарда «Greenwich» гипермаркетінен сауда жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Павлодарда «Greenwich» гипермаркетінен сауда жасады

17.03.2016
Елбасы Павлодарда «Greenwich» гипермаркетінен сауда жасады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Greenwich» гипермаркетін аралады, деп хабарлайды pavlodarnews.

2740 теңгеге сауда жасаған Мемлекет басшысы мұндағы азық-түлік бағасының өте төмен екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев нан кеспесі мен қарақұмық, қымыз, шай, қаймақ, нан және ірімшік сатып алды. Бұдан кейін өңірдегі қымыз өндіруші «Сағып» ШҚ-ның иесі Төлеу Құшманова Президентке шипалы сусынды Біріккен Араб Әмірліктеріне, Қытай мен Ресейге экспорттап жатқанын жеткізді.

«Ең бастысы, қымыз өндірісіне баса назар аударған жөн. Бұдан әрі де ұлттық сусынның танымалдылығын арттыруда еңбек етулеріңізге тілектеспін», - деді Н. Назарбаев.

 

Хабарламаларға жазылу