Сықақшы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Толымбек Әлімбекұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Балалық шағым туралы повесть бастадым. Орта шеніне келіп қалдым. «Қара құйын» деп аталады. Балалық шақ – ең бір тәтті шақ қой. Балалық тентектік, мінез бар. Соның есте қалғандары қағазға түсіп жатыр»,-дейді шығармашылығындағы жаңалықтармен бөліскен сатирик.
«Өзім Наурыз мейрамы қарсаңында дүниеге келгендіктен, маған бұл мейрам өте ыстық. Бұл – татулықтың, берекенің мейрамы. Баршамызға Наурыз құтты болсын».
Сатириктің «Әйел мен паста» атты әзіл өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.