«Назар текстиль» – Оңтүстік Қазақстан облысындағы екінші кілем фабрикасы және экономикалық аймақта іске қосылған сегізінші жоба. Кәсіпорын Бельгия технологиясымен жабдықталған.
Бағасы арзан, сапасы жоғары отандық өнім шығаратын фабрикада кілемнің түрі көп. Ұлттық ою-өрнектен бастап, заманауи, классикалық үлгіде әрленіп, жасалады. Бір ерекшелігі – кілемдер тек иірілген жіптерден тоқылады.
«Назар Текстиль» ЖШС-нің директоры Аятолла Айымбетов бүгін «Түнгі студияда» қонақта. Арнайы «Түнгі студия» ток-шоуына арналып тоқылған кілемді көргіңіз келсе, бүгін 23.30-да Ұлттық арнаны қосыңыз.