Алматыда Жеңістің 70 жылдығына арналған жалпыреспубликалық «ЖЕҢІС» қайырымдылық жобасының аясында «Өмір Жолы» әлеуметтік науқаны аяқталады, деп хабарлайды АlmatyNews.
Ертенгі баспасөз конференциясында алматылық 898 ардагерге «дабыл түймесі» орнатылған арнайы ұялы телефон табыс етіледі.
2015 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасында 5083 соғыс ардагері тұрады. Олардың бірде-бірі назардан тыс қалмайды. Бұл шұғыл көмек беру жүйесінің тиімділігін арттырады. Науқан Қазақстанның барлық өңірлерінде өтуде.
Бүгінгі таңда жүйеге Астана, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының ардагерлері қосылды.
Бүгінгі күнге дейін 4 080 ұялы құрылғы ҚР 15 өңіріне (Алматы қ. қоспағанда) жеткізілді. Жоба жүзеге асқалы бері 129 ардагерге көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы бойынша 128 өтініш, төтенше жағдай бойынша 1 өтініш тіркелді.